АҚЫН ЖАДЫРА ДӘРІБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

«Ақша бұлттан елге сәлем жолдаған» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу сайысы ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов ауылдық клубында өткізілді. Сайыс барысында оқушылар ақынның Туған жер, Отан, егемендік және Қазақ елінің жарқын жетістіктерін баяндайтын жырларын оқыды. Сайыс барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде кеңкөлемді мағлұмат берілді. Сайыс барысында дарындылығымен танылған оқушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек, Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесі аясында үстіміздегі жылы ақын, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Жадыра Дәрібаевамен кездесу кеші өтеді деп жоспарлануда. Кездесу кешіне ақынның өзі қатысып, оқырмандармен кездеседі деп күтілуде.