ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАДА АЙҚАСАДЫ
2-4 наурыз аралығында «Евразия» спорт кешенінде 18 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан жасақталған 300-ден аса спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Жарыс Әлем, Азия чемпионаттарына, әртүрлі халықаралық жарыстарға және үстіміздегі жылғы мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау және командаларды жасақтау мақсатында өткізілуде.
Байрақты бәсекеге 2017 жылғы Әлем чемпиондары Қазбек Сағын (Алматы қ.), Данияр Үстембаев (Астана қ.), 2017 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Ұлан Мұқашев (Алматы қ.), Сыр елінен ТМД чемпиондары, 66/597 әскери бөлімінен Вадим Федосеев, шекара қызметі 2019 әскери бөлім қызметкері Айдос Бөрібеков қатысады.
Аталған дүбірлі доданы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайыс Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.
Жарыс 2 наурыз күні сағат 10.00-де басталса, 14.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Бағдарламасы
2 наурыз
10.00-12.00 Жарыстың бірінші туры
12.00-14.00 Салмақ дәрежелері бойынша жекелей жарыстар
14.00-14.30 Жарыстың салтанатты ашылуы
14.30-19.00 Жекелей жарыстар жалғасы
3 наурыз
10.00-14.00 Жартылай финалға дейінгі бастапқы ұрыстардың жалғасы
14.00-17.00 Жартылай финал және финал ұрыстары
4 наурыз
10.00-16.00 Екінші турдың бастапқы командалық жарыстың ұрыстары
16.00-16.30 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі