» » Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер тізімі жарияланды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер тізімі жарияланды

Жеңіл атлетикадан 2018 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер толығымен анықталды. Наурыз айының 1-4 аралығында өтетін жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының норматив орындау уақыты аяқталды.
Жабық кешендегі әлем чемпионатына қатысу жазғы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан да қиын. Өйткені мұнда нормативтің көрсеткіштері өте жоғары.
Биылғы әлем чемпионатын Ұлыбританияның Бирмингем қаласы қабылдайды. Қазақстан 400 метрге жүгіретіндерге сенім артатын болады.
Ерлерден ел намысын жалғыз Михаил Литвин қорғайды. Ол 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып әрі өзінің жеке рекордын жаңартқан – 46.51 секунд. Әлем чемпионатының нормативі – 46.70.
Әйелдерден жекелей сында екі спортшы қатысатын болды. Олар – Элина Михина мен Светлана Голендова.
16 ақпан күні Өскеменде өткен Қазақстан кубогының екінші кезеңінде 400 метрге жарысқан Михина мен Голендова әлем чемпионатының нормативін орындаған болатын. Алғашқысы мәреге 52.53 секундта жетіп, Қазақстанның жабық кешендегі рекордын жаңартты. Светлананың уақыт көрсеткіші – 52.76.
Айта кетейік, әйелдер арасында 400 метрдің нормативі – 53.15 секунд.
Әлем чемпионатында сондай-ақ командалық эстфетадан 4х400 метрге жүгіретін қыздар құрамасы өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы эстафетада – Элина Михина, Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Любоьв Ушаковаға сенім артып отыр.
Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың да қатысуына болар еді. Бірақ еліміздегі ең титулды жеңіл атлет қысқы маусымдағы жарыстардан демалып, жазғы Азия ойындары мен «Гауһар лига» сайыстарына дайындалатынын мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Бирмингем қаласында өтеді. Чемпионатта ерлер мен әйелдер арасындағы 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
21 ақпан 2018 ж. 1 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031