Киборг-атлеттердің жарысы
Қазіргі спортшылар уақыт өткен сайын жаңа рекордтар орнатуда. Десек те, адам баласының мүмкіндіктері шектеулі екендігін бәріміз де білеміз. Болашақта ғылымның дамуымен бірге адам денсаулығы мен мүмкіндіктері де дами түсуі мүмкін деп болжауымыз заңды. Бүгінде де «допингтер» адам бұлшық еттері мен ағзасын кереметтей нәтижеге дейін жеткізіп жүр. (Зияны да жоқ емес). Мәселен, биоэтик Энди Миам адам денесінің хирургиялық өзгерістерге ұшырауы пайдалы болмаса аса зиянды емес дегенді айтады. Адамның әрбір қызмет бөлшегін жетілдіру арқылы Энди «кибернетикалық ағза» түсінігінің мәнін ашып береді. Адам мен техниканың қосындысын – киборг десек, сол киборгтардың өзіндік спорт түрі болса несі жаман? Оған мысал ретінде 2007 жылы Оңтүстік Африкадан шыққан Оскар Писториустың ерлігін айтсақ та жеткілікті. Оскар әлемнің 6 дүркін чемпионы ғана емес, сонымен қатар сау адамдар қатысқан көптеген жазғы жарыстарда жүлделі орындарды алып жүр.