Өзге ғаламшарлардағы альпинизм
Өзге ғаламшарлардағы таулы жерлерге бару – болашақта ең бір қызықты спорт түріне айналады дейді білгіштер. Күн жүйесіндегі өзге де планеталарда біздің ғаламшарымыздағы тауларға қарағанда биік таулы жыныстар бар. Мәселен, Шолпан ғаламшарында Иштар деп аталатын тау біздегі Тибет тауларынан екі есе биік. Ал оның ортасында 11 мың биіктікте жанартау бар екен. Ал күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішінде биік тауымен Марс қана мақтана алады екен. Олимп жанартауының биіктігі 24 мың шақырым. Екінші орында – Вест шыңы. Егер технология дамып, адамзат өзге ғаламшарларға саяхат жасай алатын болса, бұл спорт түрінің дамитыны күмәнсіз.