Ховербордпен ұшу
Ховерборд – дөңгелегінің орнына «антигравитатор» орнатылған ұшатын скейтборд. Әзірге бұл құрылғы жер бетінен 7 сантиметр биіктікте ғана ұша алады. Бұл аппараттың айқын протатипі «Назад в будущее» фильмінде бар. Фильмде 2015 жылы болатын оқиға суреттелген. Қиялдап көрсек, келер жылы біз осындай ховербордтармен сабаққа я жұмысқа да бара аламыз немесе таулы алқаптарды ұшып саяхаттай аламыз. Ғалымдар да бұл аппаратты дамыту үстінде екен.
Мәселен, франциялық суретші Нильс Гаданьян фильмдегі аппаратты жасап шыққан. Десе де оның құрылғысы адам салмағын әзірге көтере алмайды. Ховерборд электромагнитизм заңдылығының күшімен ауада тұр. Ең бастысы, оның дизайны керемет.