Арулар алғысқа бөленді
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінде «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға арнайы Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер апаларымыз шақырылды. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды.
Департамент бастығы Ғанибек Сырмағанбетұлы Отарбаев қылмыстық- атқару жүйесінде қызмет атқаратын әйелдер қауымын 8- наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тілеп, әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін деп жылы лебізін білдірді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, үлгілі атқарғаны үшін ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Р.Альтаева және ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен «Алғысхатпен» Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Г.Байсариева марапатталды.
Департамент бастығының бұйрығымен ардагер аналарымыз және 43 қызметкер грамотамен және алғысхаттармен марапатталды.
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД