» » Қызылорда облыстық соты Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

Қызылорда облыстық соты Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді


Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы, бөлім басшылары, сот мамандары, отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері, студенттер қатысты.
Салтанатты іс-шараны ашқан облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталып, ел тәуелсіздігі жылдары Қазақстанның жеткен жетістіктерін атап өтті. «Тәуелсіздіктің нәтижесінде қоғамдық-саяси өмірде, экономикада республика соттарында түбегейлі реформалар жасалды. Бүгінде Қазақстан барлық салада, экономикада, халықтың әл-ауқатын арттыруда, соттардағы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді»,-деді Қ.Нұрышев.
Жиында Қармақшы аудандық сотының судьясы Лаура Әлібекова мерекелік баяндама жасады. Ол баяндамасында тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен жемісті, жеңісті жолы жайлы, тәуелсіздік жылдар ішінде еліміздегі реформаларды, сот саласының жетістіктерін тілге тиек етіп, сонымен қатар, егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының рөлін айтып өтті.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай судьялар, отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері түрлі марапаттарға, айрықша белгілерге, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен Қызылорда облыстық сотының судьясы Гүлсім Танатова марапатталды.
ҚР Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі Қызылорда облыстық сотының азаматттық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев пен облыстық соттың судьясы Амангелді Қожаниязовқа табысталды. ҚР Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен облыстық соттың судьясы Сабит Әбдіханов марапатталды. ҚР Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалін  отставкадағы судьялар Кенжегүл Көпесова мен Мырзамұрат Имандосов иеленді. ҚР Жоғарғы Сотының құрмет грамотасы Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асановаға табыс етілді.
Қызылорда облыстық соты төрағасының құрмет грамотасымен облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов, қалалық соттың судьялары Кәмшат Садуақасова, Эльмира Ахметова, алғыс хатымен қалалық соттың судьясы Жазираш Дербісәлиева марапатталды.
Қазақстан Республикасы «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісі отставкадағы судья Ғалия Шыңғысоваға табысталды. Сонымен бірге, ҚР Судьялар Одағының құрмет грамотасы облыстық соттың судьясы Артур Наримовқа, қалалық соттың судьясы Гүлжан Мырзатаеваға, Қазалы аудандық сотының судьясы Гүлнар Тиштикбаеваға, алғыс хат  Қызылорда қалалық сотының судьясы Телжан Жүсіповке табыс етілді.
         Іс-шарада Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театры ұжымына облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышевтың арнайы адресаты табысталды. Жиын барысында бірқатар сот мамандары ҚР Судьялар Одағы, Қызылорда қаласы әкімі, ҚР Заңгерлер Одағы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алғыс хатына және Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің құрмет грамотасы мен алғыс хатына болды.
         Салтанатты шара соңында қатысушылар жазушы Тахауи Ахтановтың өткен күннен текте қалған елес жанрындағы екі бөлімді «Ант» атты шығармасының желісі бойынша Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма-театр әртістерінің қойылымын тамашалады.
     Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
15 желтоқсан 2017 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031