» » Мәжіліс төрағасы нәзік жандарды мерекемен құттықтады

Мәжіліс төрағасы нәзік жандарды мерекемен құттықтады

 «Алдымызда «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» келе жатыр. Бұл көктемнің ең әдемі, ең көрікті, ерекше мерекелерінің бірі. Сондықтан аяулы әріптестерімізді ертең болатын, көктемдегі осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмыстарыңызға табыс тілейміз», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Сонымен қатар жалпы отырыс барысында екі заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та өз құттықтауын жеткізді. «Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, әйелдер мен қыздарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сыртқы істер министрлігі ұжымының атынан баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Осы мереке қуаныш пен шаттық сыйласын деп тілеймін», - деді Қ. Әбдірахманов. Айта кетейік, бүгін Мәжілістегі жалпы отырыстың алдында баспасөз қызметінің өкілдері нәзік жанды тілшілердің барлығына гүл сыйлады.
07 наурыз 2018 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031