“Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелері қандай жеңілдіктерді алуға құқылы?
1
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" неше балаға беріледі?
"Алтын алқа" жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.
Ескертейік, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.
Алты баласы бар аналарға "Күміс алқа" беріледі.
2
Тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі деген ақпарат рас па?
Рас. «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңының 36-бабында көрсетілген.
«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
3
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне жәрдемақы төлене ме?
Төленеді. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй шығындарын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.
ҚР Заңына сәйкес:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.
4
Алқа иелері қандай салықтардан босатылады?
"Батыр ана" атағын алғандар, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.
5
Басқа қандай төлемдерден босатылады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төлемдер мен аударымдар бар болған жағдайда МӘМС жүйесінде азаматтардың медициналық көмекті алуға құқығы бар. Ал бұл төлемдерді аудармай-ақ көмек ала алтын тұлғалар қатарына:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар кіреді.
Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иелері жеке куәліктерін жоғалтып алған жағдайда, мемлекеттік баж салығынан босатылады.
6
"Алтын алқа", "Күміс алқаны" сатуға бола ма?
ҚР орденін, медалін және құрмет белгісіне марапаттау белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де ақылы қайтару, сондай-ақ мемлекеттік марапаттарға қатынасы бойынша өзге де заңсыз әрекеттерді жасау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеледі.
7
Алқа иелері зейнетке ерте шыға ма?
Иә. 2018 жылдан бастап әйелдер 58,5 жастан бастап зейнетке шығады. Алайда:
5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
8
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелері тегін дәрі-дәрмек беріле ме?
"Алтын алқа", "Күміс алқа" иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:
Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
Артериялық гипертензия;
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
Остеоартроз.
9
Алқаларды жоғалтып алған жағдайда не болады?
Алқаларды және олардың құжаттарын жоғалтқан жағдайда, марапатталғандар өздерінің марапаттарға құқықтарын сақтайды.
ҚР мемлекеттік марапаттарына лайықты тұлғалар олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
baribar.kz