» » Үздік спортшылар марапатталды

Үздік спортшылар марапатталды


«Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс аясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай және басқарма басшысы Олжас Акимов 17 спортшыға спорттық атақтар беру туралы куәліктерді табыстады. Оны ішінде индорхоккейден «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағымен Сұлтанбек Қобландин, «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» - тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Хәкімжан Елеусінов, «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аят Әмірбеков марапатталды. Қалған спортшыларға спорт түрлерінен ҚР спорт шебері атағының куәліктері берілді.
Жыл қорытындысы бойынша үздік спорт­шылар, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен та­­ныл­ған қалалық, аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Бокстан Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, грек-рим күресінен V Азия ойындары және Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали, мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева«Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген атаққа бокстан ҚР еңбек сіңірген  жаттықтырушысыҒалымжан Байғұндиев, грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысыМұхитдин Миербеков  лайық деп танылды.
Сондай-ақ, қалалық, аудандық спорт бөлімдері арасында Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған екінші, Сырдария үшінші орындарды иеленді.
Спорт мектептері арасында   №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші, №5  облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орындарды еншіледі.
Басқарманың атқарылған жұмысына келетін болсақ, 2017 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде  шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға көтеріліп, 211 271 адамға жетті.
Жыл басынан бері бұқаралық спортты дамытуға бағытталған            1571  іс-шаралар өткізіліп, оған 450 200 мың адам қатысты.
Облыста  2176 спорт ғимараттары жұмыс жасайды, оның ішінде 1417 ауылдық жерде. Өткен жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 56 бірлікке артты.
Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде: Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы басталды. 2018 жылы құрылысы аяқталуы жоспарлануда.
         Облыс спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында             796 медальдарды(204 – алтын, 248 – күміс, 344 –қола)жеңіп алды.
          Азия және Әлем чемпионаттарында - 91 медальдарды(29 - алтын, 26 - күміс, 36 - қола) иеленді.
1  «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы»,  2 «ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері»,7 «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 58 «спорт шебері», 869 «спорт шеберіне үміткерлер  мен І разрядты» спортшылар дайындалып, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 420 спортшы енді.

28 желтоқсан 2017 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031