» » НҰРОТАНДЫҚТАР «ЕЛ АНАЛАРЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҒАСЫР КУӘГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

НҰРОТАНДЫҚТАР «ЕЛ АНАЛАРЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҒАСЫР КУӘГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

 Сыр өңірінде 100 жастан асқан 13 кейуана тұрады. Олар екі ғасырды көзімен көріп, тағдырдың маңдайға жазғанын қасқайып тұрып қарсы алған жандар.Солардың бірі жақында 106 жасқа толатын тыл және еңбек ардагері  Рабиға Қоянбаева.
Бүгін «Ел аналары» акциясы аясында жетекші партияның облыстағы өкілдері  қарт ананың отбасында болып, «Нұр Отан»партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың  мерекелік құттықтауын табыстады.
Рабиға әжей1929 жылы әкесі қуғынға ұшырапжастайынан ауыртпалықты көп көрген. Ашаршылық, сұрапыл соғыс, қиын-қыстау кезеңнің бәрі – бүгінде қос ғасыр куәгерінің көз алдында. Ол соғыс жылдары тылда еңбек майданына араласты. Масақ теріп, күріш ақтады.Қазіргі бейбіт өмірге кейуананың көңілі тоқ. Әңгіме барысында қарт ана өмірінің сол бір ауыр кезеңдерін есіне алып, "бүгінгі бейбітшілік саясатын ұстанып отырған Елбасыға шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ардагерін ардақтаған нұротандықтарға батасын беріп, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.
-Біз сұрапыл соғысты да, аштықтыда көрдік.Қазіргі ұрпақ бақытты. Бәрі бар. Соғыс болмасын,ел тиыш болсын, баяғы соғыстың уақыты өтті ғой әйтеуір. Тыныштықболып, аман-есен отырайық,- дейді қарт ана.
Рабиға әжей – жастайынан тынымсыз тер төккен жан. Күріштің күтімін келтіріп, масағына дейін жиып-теріп, ел игілігі үшін еңбек етті. Бейнеттің ауыртпалығын арқалай жүріп, Мырзахмет деген кісімен отбасын құрып, 6 құрсақ көтерді. Қазір мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайған ақ жаулықты ана шөбере мен шөпшегінің қолынан су ішіп отыр.
Халық сеніміне ие болған партияның жергілікті өкілдері осылайша акция аясында қарт ананың хәлін біліп, көңілін бір сергітіп қайтты. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған акция барлық аумақтық филиалдарда жалғасын тапты.
Акцияның негізгі мақсаты: аналарды құрметтеп, олардың еңбегін болшақ  ұрпаққа кеңінен насихаттау.
08 наурыз 2018 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031