» » АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 «Нұр Отан» партиясы облыстық партия филиалының қолдауымен қалалық партия филиалына қарасты «Қазпочта» АҚ базасындағы «Сыбат» бастауыш партия ұйымы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бір топ ардагер аналарды құттықтады.
Мерекелік кездесуге қатысқан облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалының директоры, «Сыбат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Аида Әбибуллаевалар ардагер аналарға жүрек -жарды лебіздерін білдіріп, арнайы алғыс хаттар мен мерекелік сыйлақтар табыстады.
Салтанатты жиында «Қазпочта» саласының кешегісі мен бүгіні жайлы әңгіме өрбіді. Ардагерлер айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған саланың бүгінгі жетістіктеріне марқайды.
Жалпы шара барысында ардагерлерге әнен шашу шашылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Шыны керек бүгінде «Қазпочта» АҚ-ның клиенттерге қызмет көрсету қағидаты едәуір өзгертілген. Тұтынушылар үшін пошталық және қаржылық қызметтер бойынша арнайы операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге арналған қызмет көрсету орындары, сәлемдемелер супермаркеті тб қызмет түрлері жан –жақты жаңартылған.
10 наурыз 2018 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031