» » ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН: КАНЕЛЛОНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛУЫ - ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН: КАНЕЛЛОНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛУЫ - ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ

 Геннадий Головкин Канеллоның қанынан допинг іздерінің табылуы үлкен мәселе деп санайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы Невададағы Спорт комиссиясы мүшелерін бұл мәселеге тиісінше назар аударып, қажетті шаралар қолдануға шақырды. «Екеуміз де кәсіпқой боксшымыз. Бұл (допинг) спорт үшін де біз үшін де үлкен проблема. Осыған көңілім толмайды»,- деді Головкин Los Angeles Times - Hoy Deportes бөліміне берген сұхбатында. Бұл оқиғаға қатысты Головкин мен Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі тоқтатылмауы мүмкін. Альварес тарапы тыйым салынған препараттың боксшы жеген еттен келгенін айтып ақталып отыр. Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растап отыр. Бұл мәліметті шетелдік ақпарат құралдары таратты.
Фото: Wally Skalij / Los Angeles Times
08 наурыз 2018 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930