» » Ақылдан алжасудың табиғи емі табылды

Ақылдан алжасудың табиғи емі табылды

Күнделікті асқа куркуманы жеу арқылы адам деменция ауруының алдын алады. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары осындай қорытынды шығарды.
Үндістанда тамаққа жиі қосылатын дәмдеуіштің пайдасын анықтауға арналған экспериментке 50 мен 90 жас аралығындағы 40 науқас қатысты. Бұл науқастар осы күнге дейін есте сақтау қабілеттерінің нашарлап, ұмытшақ болып кеткендерін айтқан. Эксперимент барысында олар 18 ай бойы күніне екі уақыт 90 миллиграмм куркума жеп отырған.
Барлық науқас әр алты ай сайын кешенді тексеруден өтіп отырды. Эксперимент нәтижесінде қатысушылардың барлығының есте сақтау қабілеттерінің жақсарғаны анықталды. Дәлірек айтсақ, есте сақтау қабілетіне арналған тестілерінің нәтижесі 28% жақсарған. Аталған дәмдеуіш науқастардың көңіл-күйінің көтерілуіне оң әсерін тигізген.
Мұнымен қатар, ғалымдар куркуманың науқастардың денсаулығына кері әсерін тигізетінін де жасырмады. Куркума жеген төрт науқас іштерінің ауырып, жиі құсқандарын айтқан. Алдағы уақытта ғалымдар созылмалы күйзеліске шалдыққан науқастармен жұмыс істеп, экспериментке қатысушы еріктілердің санын көбейтпек. Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
28 қаңтар 2018 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031