» » Ресейде өткен жарыста қазақстандық палуан қыз «қола» алды

Ресейде өткен жарыста қазақстандық палуан қыз «қола» алды

Күрес спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Жәмила Бақбергенова (72 кг-ға дейінгі салмақта) «Иван Ярыгин гран приі» турнирінің қола жүлдегері атанды. Күрес спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Жәмила Бақбергенова (72 кг-ға дейінгі салмақта) «Иван Ярыгин гран приі» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады «SPORTINFORM» САА. Үшінші орын үшін болған белдесуде қазақстандық спортшы Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы Алена Перепелкинаны тізе бүктірді. Бұған қоса «қола» үшін болған жарыста тағы бір қазақстандық қыз Аяулым Қасымова (62 кг) кубалық Яквелин Элизастекьюге есе жіберді. Айта кетейік, Бақбергенованың жеңісі «Иван Ярыгин гран приі -2018» турнирінде еркін және әйелдер күресі бойынша жарыста қол жеткізген жалғыз ғана жетістік. Бұған дейін Иранда грек-рим күресінен өткен жарыста қазақстандық спортшылар айтарлықтай  жақсы нәтиже көрсеткен еді.  

29 қаңтар 2018 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031