ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қала әкімінің орынбасары Н.Мақсұтовтың төрағалығымен бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру туралы қалалық комиссияның отырысы өткізілді.
«Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына, тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінше тарату жөніндегі 2018–2019 жылдаға арналған» ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қаңтардағы №724 шешіммен комиссия және жұмысшы тобы құылып, 31 қаңтарда аталған іс-шара қала әкімімен бекітілген.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Н.Мақсутовтың төралығымен екі рет отырыс (2018 жылдың 5,14 ақпанында) өткізілді. Отырыста құзырлы органдар мен жұмысшы топқа, кент және аулдық округтер әкімдеріне шағын және орта бизнес субъектілерін нақтылау үшін Міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндер мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей өз бетінше кәсіпкерлік қызметімен айналысатындарды, өзін–өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру үшін апта сайн рейдке шығып, түсідірме жұмыстарын жүргізіп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне нәтижесін нақтылап, есеп беру тапсырылды.
Қазіргі таңда, қала бойынша апта сайын жұмысшы тобымен рейдтер ұймдастырылып, дәмханаларда, сұлулық салондарында, моншларда, ТЖО-да, және т.б. жұмыс орындарының иелеріне, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарнасын аудару қажеттігі жөнінде кеңестер беріліп, хабарламалар таратылуда.
Атап айтқанда, 144 жеке кәсіпкер мен 653 мекен-жайды аулаішілік аралу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан 36 азаматпен еңбек шартты жасалмағандығы туралы мәлімет еңбек саласындағы барлық бақылау басқармасына жолданып, 26 азаматқа кәсібін заңдастыру жөнінде хабарлама таратылып, 258 азаматтың тұрғылықты мекен-жайын анықтауға көші-қон полициясына хат жолданды. Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша құрылған жұмысшы топ алдағы уақытта берілген тапсырма бойынша жұмысты жалғыстырылады.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша құрылған жұмысшы топ алдағы уақытта жұмысын жалғастырады.