МЕРЕКЕЛІК СЫЙ-СИЯПАТ КӨРСЕТТІ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобалары аясындағы шараның негізі мақсаты қоғамның бастығы құндылығы болып табылатын отбасы болса, сол отбасындағы құндылықтарымызды дәріптеу, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.
Кездесу барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев аналарға амандық пен саулық, балаларыңызға жарқын болашақ тіледі. Жас өнерпаздар аналар құрметіне арнайы ән шырқап, көңілді кештің шырайын шығарды.