ИЛЬЯ ИЛЬИН ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұстаздар қауымын құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Мерекелік шараға қала мектептерінен 300-ге жуық ұстаз бен білім саласының ардагерлері қатысты.
«Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр - сырын меңгерген. Әсіресе, білім саласында ұлағаттылықтың ұлы жолын таңдаған ұстаздар қауымында - нәзік жандылардың алар орны ерекше. Бұл сөзімнің бір ғана дәлелі, қазіргі таңда қала мектептерінде 6 мыңнан астам ұстаз қызмет етсе, солардың 90 пайызын нәзік жандылар құрайды. Бұл дегеніміз, әйел ұстаздардың еліміздің ең басты байлығы - адами капиталын дамыту жолында, яғни өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі», - деп атап өтті қала әкімі.
Сонымен қатар, Сыр елінің бірқатар атпал азаматтары ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Комитет төрағасы Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Илья Ильин сахнада орнатылған экран арқылы ұстаздар қауымына жүрекжарды тілектерін жолдады.
Шара барысында шаһар басшысы 20 ардагер ұстазға арнайы әзірленген сыйлықтарды табыстап, білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді түрлі номинациялар бойынша марапаттады. Тағы 101 педагог қалалық білім бөлімінің грамоталарымен атап өтілді.
Қатысушылардың барлығы қала әкімінің атынан гүл шоқтарын алды.