» » ЕРЕКШЕ Жұлдыз-жорамал

ЕРЕКШЕ Жұлдыз-жорамал

12-17 наурыз
ТОҚТЫ
Асықпай жүріп, жетістікке жетуіңіз мүмкін. Жан-жақтан келіп түскен ұсынысты жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдаған абзал. Жақындарыңызбен ренжісуден сақтаныңыз.
     ТОРПАҚ
Барлығын алдын-ала жоспарлауға тырысыңыз. Бұл апта тосын сыйларға толы болады. Қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Сізде осы аптада қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ еш мойымаңыз.
       ЕГІЗ
Біліміңізге баса назар аударған жөн. Бизнесте жетістікке жетуге сізге жаңа идеялар себепкер болмақ. Аз күш жұмсап,  көп табысқа келесіз.
      ШАЯН
    Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз.
АРЫСТАН
Уәдеде тұру – адамдықтың және адами құндылықтарды бағалай білудің белгісі. Достарға берген уәдені орындайтын кез келді.
     БИКЕШ
Қайырымдылық іс жасауға асығыңыз. Қолдау күтіп отырған достарыңызды ұмытпай, жәрдем беріңіз. Қандай болмасын қолға алған істер  нәтижесіз қалмайды.
ТАРАЗЫ
Жұмыста ұйымдастырған іс-шаралар ойдағыдай жүзеге асады. Сонымен қатар сапарға шығудың сәті түсіп тұр. Қаражат мәселесінде де еш қиындық туындамайды.
      САРЫШАЯН
Еңбегіңізді басшылық бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз.
МЕРГЕН
Өзгелердің ұсынысын қабылдау арқылы өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз. Өткен өміріңізге баға беріп, ұсақ дүниелерді де назарға алыңыз.
      ТАУЕШКІ
Аптада жағымды жаңалық естисіз. Дәл қазір мақсатыңыздың жүзеге асуы қоршаған ортамен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керектігін түсінесіз. Белсенді болыңыз.
        СУҚҰЙҒЫШ
Сізді көптеген кездесулер күтіп тұр. Жаңа таныстық сіздің өміріңізді біржолата өзгертуі мүмкін. Жаңа ортадан қашпаңыз.
       БАЛЫҚ
Қаржы мәселесінде сақтық танытуға тура келеді. Іскер келісімдер мұқият болуды талап етеді.  Айналадағы жандарға көңіл бөліп, көпшіліктің көзқарасымен санасқан жөн. Аптаның екінші жартысында мүлікке байланысты мәселе өз шешімін табады.
12 наурыз 2018 ж. 2 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930