» » Ерекше жұлдыз-жорамал

Ерекше жұлдыз-жорамал


Тоқты
“Сабыр түбі сары алтын” демекші, кез келген қиындыққа шыдап, бәріне түсіністікпен қараған жөн.    Осы аптада қаржылық мәселе шешімін тауып,жоспарларыңыз алға жылжиды.
Торпақ
Апта басы қауырт тірлікпен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, кино көріп, қыдыруға қолайлы уақыт туып тұр.
Егіздер
Басшылық тарапынан қолдау көріп, жалақыңыз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектену керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек ғана еңбек жеңеді. Сол үшін жақсы жұмыс істеуді бірінші орынға қойыңыз.
Шаян
 Іскерлік байланыстар нәтижелі болмақ. Мүмкіндік болса, қызмет ауыстыру артық етпейді. Жаңа жұмыс, жаңа орта, жаңа таныстық бәрі жақсылыққа бастағалы тұр
Арыстан
Өзіңізді жан-жақты дамытудың жолын іздеңіз. Тұлға ретінде қалыптасу үшін не істеу керек деген сұрақтың жауабын табу қажет.
Бикеш
Достардың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүр. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында басқосуға баруға тырысыңыз. Әйтпесе олардың арасында қадіріңіз қалмауы да мүмкін.
Таразы
Бұл апта іскерлік бастамаларға толы болмақ. Жақындардан естіген жылы сөздер сізді шабыттандырады.  Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытқан жөн.
Сарышаян
Көптеген істе жолыңыз болмай, бойда шаршау басым болады. Денсаулыққа аса мəн беріңіз. Бұл қиындықтар сынақ екенің ұмытпаңыз.
Мерген
Бұл аптада отбасылық тұрмыс-тіршілікті атқару үшін біраз күш-қуат қажет. Барлық жұмысты алдын ала жоспарлап қойсаңыз, бәріне үлгересіз.
Тауешкі
Өзіңізге қолайлы жағдай туғызып армандарға қол жеткізу үшін аянбай еңбектену керек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқыптылықпен қараған жөн. Маңдай термен тапқан қаржыны өзіңіз басқаруға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Қызметіңізді басшылық бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеу керек. Денсаулыққа көңіл бөліп, демалған артықтық етпейді.
Балық
Жуырда жақын достармен кездесіп, көңіл көтересіз. Нәтижесінде көптен көрмеген ескі танысты кезіктіріп, тың жобаларды жүзеге асыруға жол ашылмақ.
06 ақпан 2019 ж. 3 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031