Австралия Ресейді хакерлік шабуыл жасады деп айыптады

«АҚШ және Ұлыбритания елімен өткен кеңестің қорытындыларынан кейін Австралия үкіметі бұл оқиғаның жауапкершілігін Ресей қолдады деген шешімге келді», - деді Энгус Тейлор.
Сонымен қатар, ол Австралия үкіметі әлемдік экономикаға елеулі қатер төндіруде Ресейді айыптайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақ үй, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі, Данияның Қорғаныс министрлігі Ресейді NotPetya вирусын қолданып, ірі масштабты кибершабуылды жүзеге асырғаны үшін айыптаған.Ал, Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің хакерлік шабуылдарға қатысы бар деген айыптауды негізсіз деп санайды.