» » «Tальго» билеттеріне жеңілдік жасамақ

«Tальго» билеттеріне жеңілдік жасамақ

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізу туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жеңілдіктер пайызы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байлынысты. № 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20%; № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20% жеңілдіктер қарастырылған.
Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.
Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

13 наурыз 2018 ж. 1 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930