» » АЙРЫҚША СЕРПІН БЕРЕТІН БАСТАМА

АЙРЫҚША СЕРПІН БЕРЕТІН БАСТАМА

 Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерген бастамалары елдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға айрықша серпін береді деп есептеймін. Елбасы елімізді биік белестерге көтеру мақсатында орындалуы тиіс аса маңызды жобаларды іркіліссіз іске асыру жолдарын ұсынды.
 Елбасының ұсынған тағы бір жаңалығы – баспанамен қамтамасыз етуге байланысты қабылданған «7 – 20 – 25» бағдарламасы. Аталған бағдарламаны еліміздегі тұрғын үй мәселесін толықтай шешуге бағытталған ірі жоба ретінде қарастыруға да болады. Бағдарлама толығымен іске асса, елімізде баспана мәселесін шешумен қатар, құрылыс компанияларының жұмыс көлемі артады, мыңдаған жұмыс орындары ашылады, құрылыс материалдары нарығындағы да өсімге қол жеткізуге мүмкіндік туады. Мұның бәрі әлеуметтік жағдайдың жақсаруына өз септігін тигізеді.
Президенттің жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы бастамасы – жастарға жасалған үлкен қамқорлық. Яғни, жастардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалады. Ал, жаңадан қосылатын 20 мың грант білімге құштар ел жастарына көрсетілген нақты демеу. Осындай игі бастамалардың барлығы – халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Ендігі мақсат – елге берері мол байыпты бастамалардың іркіліссіз орындалуына лайықты үлес қосу.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
14 наурыз 2018 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031