Құқық бұзушылық арылмай тұр
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен 2018 жылдың 2 ай көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында біршама ұйымдастырушылық шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде, есепті мерзімде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 112 дерегітіркелді. Оның ішінде, жануарлар әлемі саласында - 70, балық аулау саласында – 38 және өсімдіктер саласында – 4 құқық бұзушылықтар анықталды.
2018 жылдың басынан облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, заңсыз аң аулау фактісі бойынша - 5, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша - 1, ағаштарды мен бұталарды кесу дерегі бойынша - 4.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі