» » Соңғы үш жылда жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды – Нұрсұлтан Назарбаев

Соңғы үш жылда жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды – Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі негізгі міндет екенін атап өтті.
«Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды», - деді мемлекет басшысы.
Елбасы осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелгенін атап өтті.
Сонымен бірге ол мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды екенін айтты.
«Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды», - делінген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауда.
Мемлекет басшысы азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
«Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек», - делінген Жолдауда.
10 қаңтар 2018 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031