Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?
Қазгидрометтің мәліметінше, биіктік антициклоны Қарағанды облысы аумағында тұр, онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен орталық, солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы жауын-шашынды болып, оңтүстікте соңы ылғалды қарға ұласатын жаңбыр жауып жатыр.
16-17 наурызда солтүстік өңірлерде, 17 наурызда оңтүстікте жауын-шашын тоқтайды деп болжануда, бірақ шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш тәулікке созылады.
Батыс облыстарда антициклонның шығысқа жылжуына байланысты жауын-шашын болып, күн жылынады.
Егер өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20…28° дейін жетсе, 16 наурызда аяз 5-10 градусқа дейін түсіп, кей жерлерде 0°С дейін жылынады.