«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Атмосфералық фронттың екі жүйесі республиканың шығыс аймақтарынан жоғары орналасқан циклонмен байланысты. Осы фронттардың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен көптеген облыстарда қар жауып, боран соғып, күшті екпінді жел болады деп болжануда. Алдағы күндерде оңтүстік және оңтүстік-шығыста, әсіресе таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс ауданынан атмосфералық фронттардың ту сыртына, республикадағы аязды ауа райын ұстап тұратын, үлкен антициклон жылжып келеді», - деп жазылған хабарламада.