Аймақ басшысы ардагерлермен жүздесті
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығында «Қауышу күні» мерекесіне орай облыстың қоғам қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен кездесті. Көктемнің келуін бейнелейтін, Наурыз мейрамы қарсаңында атап өтілетін бұл мереке «Амал» немесе «Көрісу күні» деп те аталады.
Кездесу барысында аймақ басшысы ақсақалдарды мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады.
«Қауышу - тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Біздің аймақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қатаң сақтаған, біз осы мәдениетті сақтауымыз керек. Бүгін осындай керемет күні бас қосып отырмыз. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, жақындарыңызға амандық тілеймін»,-деді Қырымбек Көшербаев.
Кездесуде облыстың танымал қоғам қайраткерлері Тұрғанбай Маханов, Оразғали Бекпанов, Файзулла Сахиев және басқалар сөз сөйледі. Олар облыстың дамуына қатысты ойларымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы идеяларымен бөлісті.
«Соңғы жылдары облысымыз қарқынды дамып келеді.Республика бойынша біздің аймақ үздік үштікте. Бұл мақтанатындай көрсеткіш.Осында отырған әр ардагердің өңірдің дамуына сіңірген еңбегі зор. Ата-салтымыз жаңғырып жатқан уақытта көрген-білгенімізді жастарға жеткізу біздің парызымыз деп есептеймін»,- деді қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы, медицина ғылымдарының кандидаты Тұрғанбай Маханов.
Сондай-ақ, ақсақалдар Сырдарияның сол жағалауына барып, жаңа қала құрылысымен танысты, «Қауышу күні» мерекесіне орай «Сыр сүлейлері» аллеясындағы мерекелік іс-шараларға да қатысты.