» » Астананың 20 жылдығы: Қызылордалықтар елордада ғарыш музейін салады

Астананың 20 жылдығы: Қызылордалықтар елордада ғарыш музейін салады

Елорданың 20 жылдығына орай қызылордалықтар Астанада ашық аспан астындағы ғарыш музейін салады. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жұма күні қала әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Байқоңыр ғарыш айлағы - қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған тарихи кешен. Сондықтан  Астананың мерейтойына орай елордада «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары мен «Боран» орбитааралық кемесінің макеттерінен құралған зымыран-ғарыш техникасы музейін салуды ұйғардық. Музей ашық аспан астында орналасады,», - деді аймақ басшысы.Облыс әкімі кездесу барысында, сондай-ақ Қызылордадағы тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да маңызды бағыттары туралы айтты.Қ.Көшербаев ағымдағы жылға арналған жоспарларды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.  «Осы жылы біз  - Астана қаласының 20 жылдығы мен  Қызылорда қаласының 200 жылдығын жоғары деңгейде атап өтетін боламыз. Бұл екі мерейтойдың біздер үшін тарихи маңызы ерекше. Себебі, Астана - Тәуелсіз еліміздің елордасы болса, Қызылорда - 1925-1929 жылдары еліміздің тұңғыш астанасы мәртебесін иеленіп, ұлтымызға ресми түрде қазақ деген атауды алып берген тарихи шешімдер ордасы. Жыл бойы көптеген халықаралық, республикалық және облыстық іс-шаралар ұйымдастырылып, ауқымды нысандар ашылады. Оның бірі - Қазақ орталық атқару комитетінің байырғы ғимаратының үлгісінде салынған «Рухани жаңғыру» орталығы»,-деп атап өтті облыс әкімі.
05 ақпан 2018 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031