Моно Лизаның жаңа бейнесі
Мультфильмнен алынған мың түрлі ұсақ кейіпкерлердің бейнесін біріктіріп, жапондық суретші Кейта Сагаки Мона Лиза классикалық картинасын таныстырды. Леонардо да Винчидің әйгілі Мона Лиза туындысы бұған дейін де көптеген түрде қайта салынса, дәл осындай ұсақ суреттермен алғаш рет бейнеленген.
Сагакидің суреті алыстан қара түсті қаламсаппен салынған сияқты көрінеді. Бірақ жақыннан қарағанда, картинаның жүздеген мультфильм кейіпкерінен құралғанын көресіз. Мәселен, күшік Мона Лизаның бетінде жатыр, ал күліп тұрған мысықты оның мұрнынан табасыз. Сатурн туралы мультфильм кейіпкерлерін ханымның маңдайынан кездестіруге болады. Дәстүрлі жапон анимесі мен манга кейіпкерлерін суретші көптеп қолданған.Леонардо да Винчидің «Ботичелли», «Венераның тууы», «Құпия кештер» туындылары мен Хокусаяның «Канагавадағы үлкен толқын» картинасы да осындай мангалармен салынған.Жапондық суретші 2004 жылдан бері өзінің қайталанбас стилін қалыптастырды. Бұл қайталанбас туынды манга және аниме мульткейіпкерлерін батыс өнерімен ұштастыра білгенімен ерекшеленеді.