Бакуде парақшалары қара жібек матадан жасалған Құран таныстырылды
Бакуде парақшалары қара жібек матадан жасалған әлемдегі алғашқы Құран таныстырылды. Суретші Тунзала Мамедзаде қасиетті кітаптағы сүрелерді алтын және күміс бояулармен жазған. Кітаптың ені – 29, ұзындығы – 33 сантиметр. Авторға Құранды дайындау үшін 50 метр қара ашық жібек мата және үш жыл уақыт кеткен. Джаббар Джаббаров, доцент: – Бүгінге дейін Құранды сан түрлі материалдардан жасады. Ағаштан ойды, алтын пергаментке жазды. Ал жібектен Құран алғаш рет жасалып тұр. Бұл – өте бейнетті әрі қызықты жұмыс. Тунзала Маммедзаде, суретші: – Жібек парақшаларды өз қолыммен кестім, шет жақтарын боядым. Маған ағам көп көмек көрсетті. Осы жұмысқа үш жыл уақытым кетті. Барлығы 614 бет. Қалың жұртшылыққа алғаш рет таныстырдым. Бастаған ісімді соңына жеткізгеніме қуаныштымын.