«Қазақ аруы – 2018» кімге бұйырды?
Алматыда "Қазақ Аруы-2018" Ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде сұлулығы мен ақылы үйлесім тапқан бойжеткен «Қазақ аруы» атанады. Қазақ аруы ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздардың байқауы.
Бұл жолы гран-при ақтаулық Нәбира Рахымжанға бұйырды. Бірінші орында қарағандылық Ақбота Бақытқали, екінші орында шымкенттік Ақмарал Айтбаева және үшінші орын иеленген Ресейден келген ару Самал Мурадиева болды.
Ұйымдастырушылар биылғы байқауға Ресей, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан қатысатынын мәлімдеген болатын. Бірақ, Түркия өкілі байқауға қатысқан жоқ, ақтық сында 16 қыз бақ сынады.
Айта кету керек, қазақ аруларының сайысы елімізде осымен сегізінші рет өтті. Бұған дейін Нұргүл Асанова, Альмира Ахатова, Кәмшат Қоскелова, Гүлнәз Жоланова, Әйгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова сұлулық пен парасаттың тәжіне ие болған.