» » Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды

Иран астанасы Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті. Қазақстан атлеттері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды.
ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Азия чемпионатының соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар алтын алса, жігіттер Катарды алға жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ұлттық құраманың аға бапкері Любовь Никитенко эстафета кезінде қыздардан Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голендова, Аделина Ахметоваға сенім артты.
"Ашхабадтағы Азия ойындарында қолда тұрған жеңістен техникалық қателіктерге байланысты айырылып қалған еді. Осы жолы ондай қателіктер орын алған жоқ. Біздің қыздар 3:41.67 минутта мәреге жетті. Екінші орындағы Иран қыздары 10 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Түркіменстан қорытындылады. Жігіттерден жалпы саны 6 команда қатысты. Қазақстан намысын Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил қорғады. Чемпион атанған Катар құрамасы мәреге 3:10.08 минутта жетсе, Қазақстан құрамасының нәтижесі – 3:11.68 минут. Үшінші орынға жергілікті Иран құрамасы тұрақтады – 3:11. 74. Сондай-ақ 1500 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак күміс жүлде еншіледі", - хабарламада.
Татьяна 1 ақпан күні 3000 метрге жүгіруден бас жүлде алған болатын. Ақтық сында 1500 метрге жүгіруден Шри-Ланка спортшысына есе жіберді. Қостанайлық атлет 1500 метрді 4.28.20 минутта жүгіріп өтті. Үшінші орын Тхи Оан Нгуенге (Вьетнам) бұйырды.
Осылайша, Нерознак спорттық карьерасында жабық кешендегі Азия чемпионатының барлық жүлдесіне ие болып үлгерді. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионатында 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді. 1 ақпанда 3000 метрде чемпион болды. Ақтық сында күміс жүлде бұйырды. Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы жалпы 12 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, төртеуі күміс, біреуі қола.

05 ақпан 2018 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031