» » Наурызда 365 күй тартылған

Наурызда 365 күй тартылған

         Біздің лебіз
 Еңселі еліміз тәуелсіздік жариялап, ұлттық рухани құндылықтар қайта жаңғырды. Наурыз айының алғашқы аптасында ел болып, әйелдер мерекесін тойласақ, 14 наурызда облыс халқы алғаш рет Көрісу күнін мерекеледі. Енді Орта Азия елдері жылдағы дәстүр бойынша көктем, жаңару мерекесін тойлауға қызу дайындалуда.
Ата-бабамыз Наурыз мейрамын қалай тойлағаны жөнінде көптеген деректер бар. Оған мұхиттың арғы жағындағы елдер де қызыға қараған. Мәселен, Грек тарихшысы Квинт Руф «Ескендір жорығы» атты еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай тойлайтынын тамсана жазған. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек былайша сипаттаған: «Ұлыстың ұлы күні таң шапақ шашып, күн шығар сәтте қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанға шымқай қызыл мауытыдан киім киген 365 бозбала шығатын болған. Саны бір жыл ішіндегі тәуліктердің айғағындай болып, 365 өнерпаз бозбала тойдың шырайын келтірген. Бір жыл ішіндегі әрбір тәуліктің шежіре-баяны сияқты 365 күй тартылған. Сонан соң, бүкіл елдің батагөй абызы, Тәңірмен тілдес бақсысы ортаға шығып, қағанаттың үміт-тілегін Тәңірге жеткізетін 9 күй тартқан. Бұл 9 күй міндетті түрде қобызбен тартылатын болған. Мұнан әрі, Ұлыстың ұлы күнін тойлау бүкіл халықтық қуаныш қызыққа ұласқан» деп баяндаған. Міне, біздің ата-бабамыз күйдің асқақ үнімен жаңару мерекесін қарсы алған.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
21 наурыз 2018 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031