» » ЖАҢА ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

ЖАҢА ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал қаласындағы апатты үй тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында олардың жаңа тұрғын үймен қамтылатыны айтылды. 
Аймақ басшысы атап өткендей, облыстық бюджеттен Кіші Арал көшесінің бойынан 31 жеке үйдің құрылысына қаржы бөлініп, ол Арал қаласындағы апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары мен бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі.
«Сіздердің жағдайларыңызды біліп, барлық мүмкіндік жасалғанына көз жеткізгім келді. Апатты ғимарат бұзылады. Сіздерге Кіші Арал көшесінен 31 жаңа жеке үй салынады. Біз көпқабатты үй емес, жеке үйлер салуды жөн көрдік. Осындай шара қолдану арқылы Арал қаласындағы апатты тұрғын үй мәселесі толықтай шешіледі», – деді облыс әкімі.
Мұнан бұрын Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі таңда Арал қаласында 8 отбасы тұратын тағы бір апатты үйдің бар екенін айтты. Ендігі жерде жаңадан салынатын 31 жеке үйді апатты үйдегі 24 отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлері алатын болады.
 Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Арал қаласында екіқабатты ғимараттың блоктары арасындағы өткел құлаған болатын. «Жароков көшесі, 20» мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынған. Ал, 90-жылдары баспанасы жоқ аудан тұрғындары мұнда заңсыз орналасқан. Екіқабатты үйде 20 пәтер болса, оның 15-де адам тұрған. Тұрғындар бірден аудандық жастар ресурстық орталығына және туған-туысқандарының үйлеріне орналастырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
22 наурыз 2018 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930