» » АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

 Қаланың көркемдік келбетін абаттандырып, көркейту-көгалдандыру мақсатында «Наурыз-Жаңару» акциясы өтті. Жалпыхалықтық шара аясында сенбілік жүргізіліп, жас көшеттер отырғызылды. 
Атап айтар болсақ, 2000 мыңнан астам жас көшеттер Жібек жолы, Сыр сүлейлері аллеясы, Сұлтан Бейбарыс, Келменбет батыр көшелері, Астана даңғылы мен оқушылар саябағы маңына егілді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Себебі, өскелең ұрпаққа өнегелі іс саналған ағаш көшеттерін отырғызуға қаладағы мекеме қызметкерлері де атсалысты.
Мұндай игілікті істер мұнымен шектелмек емес. Алдағы уақытта да жалғасын тауып, шаһарды әрі қарай көріктендіру жоспарланған. Жас көшеттерді отырғызудағы көздеген мақсат – облыс орталығын келешек ұрпақ мақтан ететіндей жасыл желекке айналдыру.
                                                                                  
21 наурыз 2018 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031