МУЗ-ТВ телеарнасы кастинг жариялады

Кастингке 16-25 жас аралығындағы жас жігіттер қатыса алады.
«Егер сен ән айта алсаң, дарынды болсаң және үлкен сахнаны бағындырғың келсе, онда біз дәл сені күтіп отырмыз! Кастингке келіп, өзіңді таныт және таңғажайып бойз-бендтің бір бөлігі бол», - деп жазылған телеарна хабарламасында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, продюсердің есімі кейінірек жарияланатын болады. Кастинг 12-13 сәуір күндері сағат таңғы 10:00-де Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді. Өтініштерді casting@muz-tv.ru электронды мекенжайына жолдауға болады.
«Қазақтар – әнші халық, сондықта, кастингтің Астанада өтетіні де бекер емес. Қазақстаннан шыққан бұл ұжым танымал продюсердің командасында және МУЗ-ТВ телеарнасының қолдауымен ресейлік шоу-бизнесте үлкен биіктерге қол жеткізеді деп сенемін», - деді МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров.