» » «Союз МС-08М» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

«Союз МС-08М» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

 21 наурыз күні Астана уақыты бойынша 23 сағат 44 минутта Байқоңыр космодромынан транспорттық ұшыру кемесімен (ТҰК) бірге «Союз-ФГ» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Роскосмос.
Халықаралық ғарыш стансасына аттанған (ХҒС) «Союз МС-08» ғарыш кемесінің экипаж құрамында кеме командирі, Роскосмос ғарышкері Олег Артемьев, ТҰК бортинженерлері, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар. Ғарыш стансасының хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті. Зымыран тасығыштың, «Союз МС-08» кемесінің үшінші сатыдан бөлінуі жоспарланған мерзімде өтті. Ғарыш кемесі Жердің жасанды спутнигінің орбитасына шығарылды. «Союз МС-08» кемесінің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр.


23 наурыз 2018 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930