» » Арманыңыз орындала ма? (тест)

Арманыңыз орындала ма? (тест)

 Елестетіңіз, күн шайдай ашық, сіз көгалда серуендеп келе жатсыз. Ауа райы керемет, самал жел бетіңізден өбіп келеді. Бір кезде алдыңыздан бірнеше жеміс бір өзінде өсетін ағаш шықты. Бұл – арман ағашы. Көзіңізді жұмып, ішіңізден ең аяулы арманыңызды ойлаңыз. Енді қай жемісті алатыныңызды ойлаңыз. Сіздің таңдауыңыз арманыңыздың қалай орындалатынынан хабар береді. 
Қараөрік Армандаған ойыңызға қол жетуге сәл-ақ қалды. Байқаған жоқсыз ба? Енді сізге сәл ғана күту қалды.
Апельсин Егер таңдауыңыз апельсинге түссе, арманыңыз толыққанды орындалмайтынын білдіреді. Бірақ бұл үмітсіздіктің белгісі емес. Тағдырдың сізге дайындап қойған одан да ауқымды сыйы бар.
Банан Банан – жағымды жаңалықтың белгісі. Өміріңіздегі қиын кезеңдер өтіп, ерен еңбегіңіз жемісін беріп, бейнеттің зейнетін көресіз.
Алма Алма сізге бүкіл әлемнің мейірбандылығын уәде етеді. Мықты сеніміңіздің арқасында арманыңыз міндетті түрде орындалады.
Ананас Ананасты таңдасаңыз, сіз өз өміріңіздің шебері болғаныңыз. Талабыңыздың шыңына шығып, арманыңызды жүзеге асыру тек өзіңіздің қолыңыздан келеді. Қандай арман ойласаңыз да, қай жемісті таңдасаңыз да, мынаны ұмытпаңыз: жақсылық та, жамандық та қайтарымымен болады.

25 наурыз 2018 ж. 1 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031