Құтқарушылар Наурыз мейрамын тойлады

2018 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Наурыз мейрамын атап өтті. «Наурыз - мейрам» мерекесінің құрметіне ұлттық тағамдар дайындау (наурыз көже, палау, бауырсақтар және т.б.), ұлттық киім кию, құтқарушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық іс-шаралардың жоспарына сәйкес келесі жарыстар өткізілді: гір тасын көтеру, армрестлинг және арқан тартыстар.
Арқан тартыс жарыстарында 4-ші құтқару бөлімшесі ептілік пен күш көрсетіп жеңіске жетті. 2 орын - 1 құтқару бөлімшесі, 3 орын - 5 құтқару бөлімшелері иеленді.
Жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі - жауынгерлік Наурыз мейрамы жарқын болашаққа сеніммен жарықтандырылған жылулық пен қуаныш жағдайында аталып өтті.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы