» » Облыстық волейбол федерациясының президенті сайланды

Облыстық волейбол федерациясының президенті сайланды

 Қызылорда облыстық волейбол федерациясының мәжілісі өтіп, федерацияға жаңа президент сайланды. Мәжіліс барысында биылғы  жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар қарастырылды. 
Жиналыста сөз алған «Қайсар» волейбол клубының директоры Абай Даутов облыста  волейболды дамыту, жастар арасында кеңінен насихаттау және команданың ҚР Ұлттық лигасына өту басты мақсат екендігін айтып өтті. 
Федерацияның құрылтай мүшелері күн тәртібіндегі басты мәселеге тоқталып, барлығы бірауыздан облыстық волейбол  президенті қызметіне !Әкімов Олжас Азатұлын сайлады. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Рая Үдербаева өзінің өтініші бойынша босатылды. Ал федерацияның вице-президенті лауазымына Бақытбек Кеңесовты лайық деп таныды. 
Олжас Әкімов 1980 жылы 8 наурызда Байқоңыр қаласы, Төретам кентінде дүниеге келген. Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР құрметті спорт қызметкері.  Халықаралық дәрежедегі  төреші. Қызылорда облысының де шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Екі баланың әкесі.
 Жаңадан сайланған федерация президенті волейболды барлық ауыл-аймақтарда дамыту, жасөспірімдер мен жастарды спорт түрімен шұғылдануға көптеп тарту, бұқаралығын арттыру арқылы жоғары деңгейге көтеру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
       Облыстық волейбол федерациясының ұжымы Олжас Азатұлын қызметімен құттықтап, өңірде волейбол спортын дамытуға бағытталған барлық игі бастамаларына сәттілік тілейді. 
 
24 наурыз 2018 ж. 834 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031