Facebook желісіне қатаң шара қабылданбақ
Əділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Вера Юрова Facebook əлеуметтік желісіне қатысты қатаң шаралар қабылданатынын айтып, ескертті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап. Deutsche Welle мəліметінше, Facebook-те пайдаланушылардың жеке ақпаратымен байланысты дау-дамай туындағаннан кейін еурокомиссар компаниядан түсініктеме талап етті. "Мен Facebook - тен түсініктеме күтемін. Мысалы, бұл жайт еуропалық пайдаланушыларға қаншалықты əсер етті?", - деді еурокомиссар. Оның айтуынша, Facebook желісінің 50 миллион пайдаланушысының мəліметтерін теріс пайдалануға жол берілмеу керек. Ал, жуырда жеке ақпараттың саяси сайлау кездерінде пайдаланылғаны анықталған болатын.