Қазақстандық компанияларға инвестиция 54% өсті

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың екі айымен салыстырғанда 54,4% ұлғайды.
Инвестицияның өскені еліміздің 14 өңірінде байқалды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан (2,4 есе) және Атырау облыстарында (2,1 есе) негізгі капиталға құйылған инвестицияның артқаны байқалды.
Екі ай ішінде ғимараттарға құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 567,1 млрд теңге, машина мен жабдық алғанға 418,8 млрд теңге, сонымен қатар басқа да шығындарға 201,4 млрд теңге жұмсалды.