» » Әкелерге арналған сайт оқырманға жол тартты

Әкелерге арналған сайт оқырманға жол тартты

 Елімізде әкелерге арналған talbesik.kz қазақ тіліндегі алғашқы танымдық-тәрбиелік сайт ашылды. Жоба жетекшісі әрі редакторы Азамат Битанның  айтуынша, осы бағыттағы жұмыстардың қажеттілігі қазіргі қазақ қоғамы үшін өте маңызды.
«Шыны керек, «атып кетті», «ажырасып тыныпты», «бүйтіп қойған» деген секілді жаңалықтардан әлеумет мезі болды. Қоғам пайдалы дүниені оқуға да, таратуға да дайын. Оның үстіне бұл әкелерге арналған алғашқы сайт. Сондықтан көп жауапкершілік жүктейді. Әзірге жиған-тергенімді жұмсап жалғыз бастадым. Бақылап, байқап көремін. Егер ұсынған дүниелерім оқырман тарапынан оң қабылданып жатса, бірқатар жобаларды қолға алсам деймін. Өсек пен төсек туралы жаңалықтарды аңдығандар бар. Талғамы жоғары, уақытының қадірін білетіндер де аз емес деген ойдамын. Бастысы осы бағыттағы алғашқы қадамдар басталды», - дейді жоба авторы Азамат Битан.
Сайт Алаштың әлдиі, Тілашар, Педагогика, Психология, Алаң секілді айдарлардан тұрады. Оқырман қауымға Алаш арыстарының әлі күнге дейін мектеп оқулықтарында басылмай келе жатқан бірқатар шығармалары, әке мен балаға қатысты тәрбиелік мақалалар, қазақтың ұлттық тәрбиесі мен жалпы бала танымына қатысты танымдық материалдар ұсынылады. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері мен педагогтар, әр салада белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген танымал тұлғалардың қатысуымен «Әкемен әңгіме» атты арнайы жоба жұмыс істей бастаған.

26 наурыз 2018 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031