» » Қызылорда құрылыс кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

Қызылорда құрылыс кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

 Еліміз бойынша қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда Қызылорда облысы оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлады 24 кз.
Өңірде 7 аудан 250-ден астам елді мекеннің құжаты толық цифрландырылған. Қазір іс-қағаздары тиісті республикалық мекемеге тапсырылды. Ал бірқатар аймақта бұл жұмыс алға баспай тұр. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды сияқты облыстарда қала құрылысы кадастрына қатысты шаралар әлі де жандандыра түсуді қажет етеді. Бұл туралы Үкіметте өткен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылаған баспасөз мәслихатында арлады. Сала мамандарының айтуынша, қала құрылысы қағидасы мекемелер мен азаматтар үшін ашықтықты, жариялықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құрылыс салу мен жобалау жұмыстарын жеңілдете түседі.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ Құрылыс және ТҮКШІ комитетінің төрағасы:
– Бұрын бір құжатты дайындауға 3 айлап жүретін болса, қазір біз регламент бекіттік. Құрылыстың күрделілігіне байланысты 6 күннен 15 күн аралығында құжаттар дайындалу керек. Бірақ дегенмен де табиғи монополиялармен мәселелер бар. Мәселен, жылу беретін, су беретін, электр жарығын беретін мекемелермен мәселелер бар.
27 наурыз 2018 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031