Ғалымдар ең пайдалы нанды анықтады
Бұл зерттеуге 20 адам қатысыпты. Он адам екі апта бойы қара нан, екінші топ ақ нан жеген. Екі топта да клорияның төрттен бірін нан құраған. Бір айдан кейін топ мүшелері өзгеріп, нанның басқа түрін тұтынған.
Зерттеу барысында сарапшылар қатысушылардың денсаулық жағдайы өзгергенін байқаған. Олар күтпеген нәтижені көрген. Екі нанның да адам ағзасына әсері бірдей болған. Қатысушылардың біріне ақ нан, екіншілеріне қара нан пайдалы болған. Мамандар екі нанды тұтынғаннан кейін ағзаның микрофлорасы өзгермегенін анықтаған. Бұл микрофлора бактерияларының жұмысымен байланысты болуы мүмкін дейді.
Биологтар бұл айырмашылықтарды ашып, әр түрлі топтағы адамдарға қандай нанның пайдалы екенін анықтауға болады дейді.