Италияда ұшатын көліктің үлгісі көрсетілді
Италияның Lazzarini Design дизайн-бюросы ұшатын автомобильдің үлгісін көрсетті. Көліктің дизайны өткен ғасырдың 30-шы жылдарын еске түсіреді, деп хабарлайды БЕЛТА. Бюро басшысы Пьерпаоло Лаззарини футуристикалық көлік құралын жасауға маманданған. Ол ұшатын машиналарды Hover Coupe-те жасап шығарған. Машинана дөңгелегінің орнына шағын төрт турбореактивті қозғалтқыш орнатылған. Ол компанияның «Өткеніңді ұмытпай, болашағыңды ойла» деген ұранымен жасалған. Автомобиль ісінің жетік мамандары бұл көлікті өткен ғасырдың 30-шы жылдары жарық көрген Isotta Fraschini Tipo 8B машинасының сыртқы үлгісіне ұқсастырып жасаған. Оның салоны төрт адамға есептелген, қозғалтқыштың қуаттылығы 550 км/сағатқа дейін жетеді.