ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ КӨШЕ
Наурыз айының 24-28 күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім және көше» жедел-профилактикалық шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау. Шара нәтижесінде 108 құқық бұзушылық анықталды. Ішкі істер органдарына ата-анасыз жүрген 96жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 8 жасөспірім профилактикалық және тізімдік есепке алынды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін 2 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.