ЖАҢҒЫРУ – ЖАҢА БИІКТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Тағылымды дәрістер барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың жетекші ғалымдары, оқытушы-профессорлар құрамы, сарапшылар 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы», «Туған жер», «Латын әліпбиіне көшу», «Рухани қазына» және т.б арнайы жобалардың мазмұны мен маңызын түсіндірді. Ғалымдар Елбасының аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отырғанын айтып, «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстан жастары үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға болудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Сонымен қатар «Туған жер», «Киелі жерлердің географиялық картасы» «100 жаңа есім», «100 жаңа кітап» жобасын түсіндірді.